Атырау, 11 желтоқсан 05:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Ақтоғай ауылында сүт өнімдерін өндіретін цех ашылды

Сурет
1 618 просмотра

Ауылдағы шағын цех 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске қосылып отыр.

- Ақтоғай ауылының халқының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Ауылдасымыздың бірі Бекен Темірғалиев «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 4 млн. теңге мемлекеттік грант жеңіп алған болатын. Осы қаржыны толықтай «Ақтоғай сүт өнімдері» жобасына салып, бүгінде шағын цех ашып, Махамбет ауданын сүт өнімдерімен қамтып  отыр, - дейді Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Есім МҰРАТОВ. 

Ал кәсіпкердің өзінің айтуынша, шағын цех сүт, қаймақ, май, сүзбе секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жататын сүт өнімдерін өндіреді. Мемлекеттен алынған қайтарымсыз грантқа заманауи құрылғылар алып, мал басын көбейтіп, жұмысын дөңгелетіп отыр. Сүт өнімдері жергілікті дүкен сөрелерін толтырып отыр. Бұған қоса апта сайын аудан орталығында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шығарылады. Кәсіпкер болашақта кәсібін кеңейтіп, облыс көлемінде қамтуға жұмыстанбақшы.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

15 тамыз 2023, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.