ALASHAINASY.KZ. «Қабірстандағы» «кластерлік жүйе» - «Төрімнен көрім жақын» дейтіндер «қабірстан» жақты көбірек ойлай ма дейміз. «Нарық заманының наркескен заңдылығы ол жаққа да жат емес екен» дегенді естіп алаңдағандықтарынан болар. Сол себепті де алдын ала жер дайындап қою үйреншікті жағдайға айналып барады. Тіпті әлі сап-сау кезінде балаларына аты жаман аманат жүктеп жатады. Ал балалары аманатқа қиянат жасасын ба? Міне, «қабірстандағы» жер саудасының барған сайын қыза түсуінің себеп-салдары қайда жатыр.
AIKYN.KZ. «Президенттік резерв» шенділерден құрылады - Қазақстанда «погон» таққандардан «Президенттік резерв» құрылатын болды. Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Сенаттың кешегі жалпы отырысында осыны рәсімдейтін заң қабылданып, Елбасының қол қоюына жолданды. «Құқық қорғау органдарының жоғары тұрған басшылық бос лауазымдарына орналастыру үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында, Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резерві» қалыптастырылады, – деп түсіндірді сенатор Е.Жұмабаев. – Бұл резервті қалыптастыру тәртібін және оның лауазымдары тізбесін Президент айқындайтын болады».
HALYKSOZI.KZ. «Қызыл науқанның» көктемгі науқанмен жарысып басталғаны қалай? - Адам өзгермей қоғам өзгермейді. Жоғарғы биліктің осы тәмсілді берік ұстанған жайы бар. Бірақ алысарға қара таппағандай, сол күрестің «бастық» деген сөзбен күрестен басталғаны қызық болды. «Бастық» деген сөзді өзгертсек, құлдық психологиядан арылады екенбіз. Мұның астарында «сен құл емессің» деген сөз жатыр. Жалпақ тілмен айтқанда осылай. Егер соған сеніп, басшыларға қаратып қарсы сөз айтып көріңізші, не болар екен.
JASQAZAQ.KZ. Әлімсақтан мұсылман сияқты едік... - Қазақтың «қашаннан мұсылмансың?» деген сұраққа «әлімсақтан мұсылманмын» деп жауап беретінін білетінбіз. Бірақ осы «әлімсақ» сөзінің мағынасын онша ұғына қоймаған едік. Кейіндері бұл сөзді сақ тайпасымен байланыстырғанда да, сенгіміз келмеген. Өйткені қазақ даласында бақсылық болған.
AZATTYQ.ORG. Порносайттарды мемлекет тыя ала ма? - Қазақстан парламенті порнографияға қарсы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады. Ал Исландияда онлайн порнографияға тыйым салатын заң талқыланып жатыр.
Бәйге аттары да допинг дауына ілінді - Дубайдағы Годольфин ат зауытының Ұлыбританиядағы орталығында допингке қатысты шу шықты. Ал Қазақстанда бәйге аттары тек республикалық жарыстарда тексеріледі.
NUR.KZ. Қазақстан полицейлері шындық детекторынан сынақ өтеді - Шындық детекторы шындап қолданысқа енетін болды. Енді полицейлер қызметке қабылданар алдында міндетті түрде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
ABAI.KZ. Мәлiмдеме: ... Мемлекет меншiгiне қайтартуды талап етемiз! - "Халықаралық ақпарат агенттiктерi ENRC - Евразия тобы өз активтерiн швейцариялық Glencore international тау-кен компаниясына сату үшiн ENRC акционерлерiнiң және Қазақстан үкiметiнiң қатысуымен консорциум құратындығын жария етті.
Бiздер, Қазақстан азаматтары, бiрнеше ұрпақтың қажырлы еңбегiнiң арқасында қалыптасқан, экономикамыздың маңдай алды ту ұстары саналатын осы кәсiпорындардың Евразия тобының құрамына сутегiн, жабық, жемқорлық жолдармен өтiп кеткендiгiн, шынтуайтында оның бiрден бiр иесiнен - Қазақстан халқынан ұрлап әкеткендiгiн бұдан бұрын да мәлiмдеген болатынбыз".
MASA.KZ. Студенттер айтысының бас жүлдесі Ерланға бұйырды - Халықаралық «Мағжан Жұмабай» атындағы әдеби бірлестіктің дәстүрлі университетаралық айтысы өз мәресіне жетті. Түркі халықтарының ынтымақтастығын және еліміздегі, әлемдегі білім жүйесін сөз ететін айтыстың әр жылғы жеңімпаздарының қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қарағанды мемлекеттік университеті, Сүлеймен Демирел университеттері көрінген еді. Биылғы әуен жылдағыдан өзгерек болды.
"МИГ-31 экипажы ерлік танытып, ұшақтың елді мекенге құлауына жол берген жоқ "
BNEWS.KZ. Оралдағы мектеп-интернаттың тәрбиешісі баланы ыстық үтікпен азаптаған - Орал қаласының № 15 мектеп-интернатының тәрбиешісі 13 жасар баланы ыстық үтікпен азаптаған. Ол жасөспірімді мұғалімдердің бірінен мың теңгені ұрлады деп айыптаған, деп хабарлады «Экспресс К» газеті.
Ағайынды Царнаевтар лаңкестікті «Ауғанстандағы соғыс үшін кек алу мақсатында» ұйымдастырған - Бостон марафонындағы лаңкестік бойынша күдікті Джохар Царнаев оған оның құқықтары оқып берілгеннен кейін түсініктеме беруін тоқтатты. Түсініктеме беруін тоқтатпас бұрын Царнаев тергеушілерге лаңкестікті оның 26 жасар ағасы Тамерлан ұйымдастырғанын, ал өзі марафон мәре сызығында жылдам қайнатқыш құрал салынған рюкзакты тастау керек болғанын айтып үлгерген. Сонымен қатар, ол лаңкестікті «Ирак пен Ауғанстандағы соғыс үшін кек алу мақсатында» ұйымдастырғандарын ашық жеткізген.
SHYN.KZ. Оспан батырды ұйғырлар ұрлап алмақшы - 29 сәуір - Алаш баласы ұмытатын күн емес. 1950 жылы 19 сәуірде Қытайдың Кеңсу өлкесінде қолға түскен Оспан батырды 29 сәуірде Үрімші қаласында коммунистер оққа байлады... Қытай қазағынан Оспан батырдан соң қару ұстаған батыр тумады. Қалам ұстаған бір батырымыз болып еді, Қалың елі қазағы Отанын аңсаған ұлын бауырына баса алмады.
SERKE.ORG. «Құраншылардың» идеясын қазақ қоғамы қабылдай бастады - Құдайға ғана бас ұрып, Құранды ғана басшылыққа алатын «құраншылардың» айтып жүрген идеясы қазақ қоғамына ой салып, оны жұрт біртіндеп қабылдай бастады. Әрине, «олардың ойын қазір пәленбай адам қолдайды» деп санамалап беру қиын. Дегенмен, «құраншылардың» дінге қатысты ұстанымы мен көзқарасын қолдайтындар күн санап көбейіп келе жатыр. Олар әлсін-әлсін дінге қатысты мәселеде «құраншылық» позициядан ой айтып қояды.