Атырау, 17 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

5 есеге асыра бағалау: Антикор пәтерді мемлекеттік сатып алуда заңбұзушылықты анықтады

506 просмотра

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жыл басынан бері 800 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Маусымда "Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік сатып алу арқылы 540 миллион теңге бюджет қаражатына 11 пәтер алуды жоспарлаған.

"Сараптау кезінде әрбір пәтер 5 есеге дейін асыра бағаланып есептелгені анықталды. Яғни, мемлекеттік мекеме бір пәтерді 49 170 000 теңгеге сатып алуды көздеген.

Департаментпен мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысына пәтерлерді сатып алуға жоспарланған бағаны қайта қарау туралы ұсыныс хат жолданды", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, 500 миллион теңгеден аса қаржы үнемделген.

14 тамыз 2023, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.