Атырау, 17 мамыр 10:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ресей блогерлері Украина күштері Урожайное селосына кіргенін хабарлады

471 просмотра

Украина әскерінің Бердянск пен Мариупольға баратын жолын жауып тұрған Донецк облысындағы Урожайный селосынан Ресей әскері шегінген. Мұны Ресей соғыс блогерлері жазған, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Кейінгі күндері Урожайное селосы үшін ауыр шайқас жүрген. Украина күштері селоның солтүстігінен кірген, Ресей әскері оңтүстігінде қалған. Американың соғысты зерттеу институты майдан алаңынан жарияланған кадрлар Украинаның бұл аймақты алға жылжығанын растайды деп хабарлады.

Ресей қорғаныс министрлігі Урожайное селосына жасалған шабуылды тойтарғанын мәлімдеді. Кейбір дереккөздер селоны әзір Ресей күштері бақылап тұрғанын айтады. Киев бұл жөнінде ақпарат таратпаған.

DeepState жобасының картасына қарағанда, село әзірге "сұр зонада" тұр.

14 тамыз 2023, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.