Атырау, 23 қараша 16:25
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бішкекте комиссия мешіттер мен медреселерді тексере бастады

512 просмотра

Қырғызстанда арнайы құрылған комиссия 11 тамыздан бастап Бішкектегі мешіттер мен медреселерді тексеріп жатыр. Бұл жөнінде Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, діни мекемелердің құжаттарымен бірге оқу бағдарламалары, санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жағдайларын тексеріледі, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Діни басқарманың хабарлауынша, тексеріске дайындалмаған мекеме басшыларына тиісті шара қолданылады.

Бұған дейін Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік комитеті Ош облысында ведомствоаралық топ 39 мешіт және 21 оқу орнының қызметін тоқтатқанын хабарлаған. 48 мешіт пен 40 діни оқу орнына ұйғарым берілген. Жалалабад облысында заңсыз істеген 60 мешіт анықталған.

Кейінгі мәліметке қарағанда, Қырғызстанда шамамен 2,6 мың мешіт, 100 медресе мен 10 ислам институты бар.

14 тамыз 2023, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.