Атырау, 17 мамыр 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Жетісу облысында су басқан ауылдардың тұрғындары мектепке орналастырылды

531 просмотра

Оның 10-ы ересек адам, 9-ы бала. Оларға сол жерден ыстық тамақ, жатын орын ұйымдастырылады. Ескелді аудандық әкімдігі шығынды есептеу үшін арнайы коммисия құрды, олар елді мекендердің аулаларын аралап жүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында нөсержауыннан зардап шеккен екі ауылдың тұрғындары мектепке орналастырылған.

Ескелді ауданының Ешкіөлмес жәнеАбай ауылдарындағы төтенше жағдайға байланысты аулаларын су басқан 19 адам Жедел штабтың шешімімен Қарабұлақ ауылындағы Шестаков атындағы мектепке орналастырылды. Оның 10-ы ересек адам, 9-ы бала. Оларға сол жерден ыстық тамақ, жатын орын ұйымдастырылады.

«Ескелді ауданының әкімдігі Төтенше жағдай департаментімен бірге нөсер жауынның салдарын жоюға бар күш пен техниканы жұмылдырыпжатыр. Сонымен қатар арық жүйелерін тазарту мен аулаларды батпақтан тазарту жұмыстарына Ұлттық гвардияның 5514 әскери бөлімі, ҚР ҚМ 18386 әскери бөлімі тартылды», деп жазылған хабарламада.Полицейлер үйлерді тонап кетпеу үшін кезекшілік жасап жатыр.

Ескелді аудандық әкімдігі келтірілген шығынды есептеу үшін арнайы коммисия құрды, комиссия шығынды анықтау үшін елді мекендердің аулаларын аралауда. Су басқан тұрғын үйлердің жай-күйін зерделеудің нәтижесінде төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылады.

Электр желілері тексеріліп, елді мекендерді электр жүйесіне қосу жұмыстары атқарылады.


13 тамыз 2023, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.