Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда «барахолка» маңында өрт шықты

673 рет қаралды

Алматыда «барахолка» базары маңынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 тамыз таңығы сағат 07:16 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскесі құрылды.

Өрт сөндірушілер ангар типті отқа оранған қоймаларды сөндіріп жатыр.

«Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалған, жоғары температура салдарынан құрылымдардың құлау қаупі бар . Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге 25 техника, 85 адам және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

12 тамыз 2023, 08:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.