Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанада екі жұмысшы 15-қабаттан құлап қайтыс болды

1 089 рет қаралды

Елордада тұрғын үй құрылысы алаңында 2 жұмысшы жоғарыдан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 

«2023 жылғы 10 тамызда «Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «A-City» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында мерт болған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - дейді ведомстводан.

11 тамыз 2023, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.