Атырау, 23 қараша 16:02
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

WSJ: Украинада соғыс басталғалы бері шамамен 9 млн адам үйін тастап кеткен

632 просмотра
Прагадағы босқындарды қабылдау орталығы, қаңтар 2023 жыл.

Алты миллионнан астам украин азаматы қазір әлемнің басқа елінде тұрып жатыр, олардың екі миллионға жуығы еліне оралғысы келеді. Бұл туралы БҰҰ есебіне сүйенген The Wall Street Journal басылымы жазды. БҰҰ мәліметінше, 350 мың адам Украина аумағына оралғанымен үйлеріне жете алмаған, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Украина экономика министрлігінің есебінше, елден кеткен әрбір 100 мың адам жалпы ішкі өнімді 0,5 пайызға төмендетеді. Елге оралып жатқандары шетелде тұрақты жұмыс пен баспана таба алмағандар немесе елде жақындарын тастап кеткендерден құралған.

The Wall Street Journal мәліметінше, экономика министрлігі алдағы 10 жылда ел экономикасын дамыту үшін 4,5 миллион жұмыс орнын ашпақ.

Бұған дейін батыс елдері Украина экономикасын қалпына келтіруге шетелде бұғатталған ресейлік активтерді қолдануды ұсынған. Еуроодақ Киевке 300 миллиард доллар соманы беру схемасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Әзірге қаражатты тәркілеудің заңды тетігі табылмады.

Кремль мемлекеттер Украинаға көмектесу үшін Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалануды құп көрсе, Мәскеу мұндай қадамды тікелей ұрлық деп санайтынын айтты. Ресей президенті Владимир Путин Еуроодақ ұсыныстарын "халықаралық сауда ережелері мен нормаларын бұзу" деп атады.

11 тамыз 2023, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.