Атырау, 18 желтоқсан 20:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Назарбаев Тасмағамбетовтi тұсап қоймақ". "АҚШ: Царнаев 2011 жылы-ақ террористер тізіміне енген". "Америкадағы үндістер біздің қандастарымыз болуы мүмкін". "Қазақтың байлығы – Кимнің Лондондағы үйі...". "Қытай мен Жапония бір-біріне тағы қыр көрсетті".

2 266 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Торға түскен “Террорист” болмай қайтедi?» - Республикада соңғы жылдары дүрбелең тудырған лаңкестiк оқиғалар жиiледi. Осы оқиғалардан кейiн ҰҚК терроризммен күреске белсене кiрiстi. Алайда ҰҚК лаңкес деп айдар таққандардың арасында бұғанасы қатпаған, оң мен солын танып үлгермеген жастар көп екенiн жекелеген мысалдар көрсеттi.

«Назарбаев Тасмағамбетовтi тұсап қоймақ» - "Қара баланың есiл ең­бегi, әсiресе, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiн жеңiп алуға салған күшi босқа кеттi. Өйткенi президент өз сөзiнде бұл шараны қала әкiмi емес, үкiметтiң қолға алуын мықтап тапсырды. Әкiмдiктi көмекшi ретiнде ғана бекiттi. Қысқасы, Назарбаев Астана әкiмiн тұсап қоймақ".

ZHEBE.COM. «Педофилдердің емі бар ма?! Жазасы қандай?» - Алаш ұрпағының түсінігінде жоқ «педофил» деген дертке шалдыққан делқұлылардың кесірінен қанша баланың тағдыры тас-талқан болып жатыр.

«Қытай мен Жапония бір-біріне тағы қыр көрсетті» - Қытай халық республикасы мен Жапонияның арасындағы онсыз да оңып тұрмаған қарым-қатынас осы аптада тағы шиеленісіп кетті. Оған себеп Шығыс Қытай теңізіндегі екі ел таласып отырған  аралдарға екі Қытай  кемелерінің жақындауы еді.

AZATTYQ.ORG. «АҚШ: Царнаев 2011 жылы-ақ террористер тізіміне енген» - АҚШ Федералды тергеу бюросының аты-жөнін атамаған қызметкері ЦРУ-дың Тамерлан Царнаевті Бостондағы жарылыс болардан 18 ай бұрын террористер тізіміне қосып қойғанын хабарлады.

AIKYN.KZ. «Дағдарыс ширықты ма?» - Өткен апта әлемдік қор және тауар биржаларындағы бағалардың түсуімен есте қалды. Алтынның мысқалы бақандай 300 доллар жоғалтып, 1400 доллар деңгейіне дейін төмендеді. Өндірістік басқа металдардың да бағасы арзандады. Әдетте алтын бағасы түскен шақта көмірсутектердің бағасы өсіп шығатын еді.

«Америкадағы үндістер біздің қандастарымыз болуы мүмкін» -  Түркістанда өткен бесінші түркология конгресінде белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев пленарлық мәжілісте бір маңызды мәселені жанап өтті. Ол Америкадағы үндістердің шығу тегі туралы ғалымдардың болжамын тілге тиек етті.

JANAOZEN.NET. «Арандатудан аулақ болыңыздар! Әбіқаев, Дауылбаев, Қасымовқа ашық хат» - ҰҚҚ төрағасы Нұртай Әбіқаевқа, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа, Бас прокурор Асхат Дауылбаевқа Мәлімдеме.

ABAI.KZ. «Жолымбет Мәкішев. Қазақтың байлығы – Кимнің Лондондағы үйі...» - Көп жылдық зерттеуден кейін Гайд-паркке жақын маңдағы қымбат үйлерді сатып алған адамдардың есімдері мәлім болды.  Лондондағы көппәтерлі ең қымбат үй One Hyde Park-ке иелік ететін британдық «Candy & Candy»   девелоперлік  компаниясы өз клиенттерінің тізімін жариялады.

MUSLIM.KZ. «Қардауи израильдіктермен бір үстелдің басында отырудан бас тартты» - Әлемге әйгілі дін қайраткері, шейх Жүсіп әл-Қардауи Израильдің Палестина жерін жаулап алуына байланысты наразылық шарасы ретінде Катар астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан дінаралық диалог жөніндегі халықаралық конференцияға қатысудан бас тартты. Ол бұл қылығын Палестинада әлі күнге зорлық-зомбылыққа жол беріп отырған иудаизм өкілдерімен бір үстелдің басына отырғысы келмейтіндігімен түсіндірді.

«Мысыр ғалымдары таңғажайып жаңалық ашты» - Мысыр зерттеушілері қасиетті Құранға сүйеніп, топан судың бүгінгі Сауд Арабиясы жерінен басталып, Йеменнен Левантқа дейінгі аумаққа жайылғаны жөнінде ғылыми дәлел келтіріп отыр. Бұл жайында al-Arabiya хабар таратты.

OTYRAR.KZ. «Мұғалімдер «көмек қалтасы» болудан шаршады» - Қазіргі уақытта «Көмек-2012″ қорына жер-жерден қаражат аударылып, саудагерлерге таратылып та жатыр. Дегенмен, көлеңкелі тұстар да жетерлік. Мәселен, өзгелер секілді мұғалімдердің бір күндік жалақыларын қорға құюға ұсыныс жасалған болатын. Ал ұстаздардың айтуынша, олардың рұқсатынсыз кейбір мектептер айлықтарын аударып жіберген. Онсыз да бір жалақымен күн көретін мұғалімдер «көмек қалтасы» болудан шаршадық дейді.

25 сәуір 2013, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.