Атырау, 27 қараша 14:43
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​«Самұрық-Қазына» басшысы Атыраудағы мұнай-газ саласының негізгі нысандарын аралады

1 432 просмотра

Бүгін Атырау облысына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма басшысы Нұрлан ЖАҚЫПОВ жұмыс сапарымен келді.    

Жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Атырау облысының мұнай-газ саласының негізгі объектілерін аралап, жұмыс барысымен танысты. Басқарма басшысының мұнайлы мекенге келгендегі басты мақсаттарының бірі – өңірдегі кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігі мен сенімділігін қамтамасыз ету.

Басқарма басшысы алдымен Қарабатанға барып, Karabatan Utility Solutions (KUS) компаниясына тиесілі қуаты 310 МВт болатын бу-газ турбиналы электр станциясына барды. Н. Жақыпов жоғары қысымды бумен қамтамасыз етуге арналған станцияның өңір үшін маңызын жеткізді.

- Бізде энергетика өзара байланысқан. Шілде айында МАЭК-те апат салдарынан электр станциясының жұмысы бірнеше сағатқа тоқтаған кезде, біз КPI арқасында жағымсыз жайттардың алдын ала алдық. Қазір бұл ГТЭС қаланы түгел қамтамасыз етіп отыр. Зауыттың аясын кеңейту де жоспарда бар. Аймақтағы энергия қауіпсіздігін сақтап отыруға зауыттың зор үлесі болмақ, деді Нұрлан Жақыпов.  

Бұдан соң Басқарма басшысы полипропилен өндіретін «KPI Inc.» ЖШС кешеніне және Атырау мұнай өңдеу зауытына барды.

KPI кәсіпорнының басшылығы Н.Жақыповқа жоба бойынша қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін тұңғыш интеграцияланған кешеннің жұмысымен таныстырды. Сатуға арналған алғашқы өнім 2022 жылы қарашада шығарылды (қазіргі уақытта 105 мың тоннадан астам полипропилен өндірілді).

Қолданылатын технология мен өндіріс көлемі жағынан Атыраудағы кешенге ұқсас кәсіпорындар әлемде небәрі 5 елде (Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және ҚХР) бар. Қазақстанда осы секілді ірі газ-химия кешенінің іске қосылуы құрылыс, медицина, автомобиль жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібінде полипропиленнен жасалған бұйымдар өндірісінің дамуына серпін береді.

«KPI Inc.» ЖШС бас директоры Данияр Тиесовтің айтуынша, кәсіпорын толық қуатына шығып, 100% жүктемемен жұмыс істеуі үшін кезең-кезеңімен жүретін кепілдік сынақтарға дайындық кезінде профилактикалық диагностика жүргізіп, анықталған ақауларды түзету үшін, өндіріс алғашқы жоспарлы жөндеуге тоқтатылған. Зауыт жұмысы биыл тамыз айының үшінші онкүндігінде қайта жалғасады деп жоспарлануда.

- Kazakhstan Petrochemical Industries, көптен күткен жоба. Қуаты 500 мың тонна зауыттың бүгінгі күні 5/1 іске қосылған. Бұл стандартты тәжірибе. Әдетте әлем  тәжіртбесінде толықтай іске қосылып кету үшін 1,5 жылдай уақыт алады. Осы жылдың қазан айында зауыт толық қуатта іске қосылады деген ойдамыз. Бұндай жоғары технологиялы өндіріс әлемде саусақпен санарлық, деді Нұрлан Жақыпов.

Сондай ақ басқарма басшысы бүгінгі таңда зауытта қызмет етіп жатқан мамандардың 90 пайызы, бұған дейін осындай зауыттарда тәжірибелерін шыңдаған жоғарғы білімді қазақстандықтар екенін атап өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Атырау мұнай өңдеу зауытын аралау кезде кәсіпорынның 2023 жылдың 7 айында орындаған өндірістік жоспар көрсеткіштері туралы баяндама тыңдады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты сұранысқа ие барлық мұнай өнімдерімен (автобензиндер, авиаотын, дизель отыны және т.б.) қатар, мұнай-химия өнімдерін де (бензол, параксилол) шығарады.

Биылғы 7 айдың нәтижесінде кәсіпорын шамамен 3,4 млн тонна мұнай өңдеді. Осы аралықта 111 мың тонна сұйытылған көмірсутек газын (жоспардан 9% артық), 970 мың тонна автобензин (жоспардан 14% артық), 68 мың тонна авиаотын (отынның бұл түрін сатып алуға өтінімдердің болмауына байланысты жоспардан 16 мың тоннаға төмен), 1 млн тоннадан астам дизель отынын (жоспардан 0,4% артық) өндірді.

Атырау мұнай өңдеу зауытында Қор басшысы энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңыздылығын тағы да атап өтті.

- Зауыттың террориясында үздіксіз энергиямен қамтамасыз ететін элктростарция салынады деген шешім қабылданды. Бұл жобаға қатысуға қызығушылық білдіріп отырғандар бар. 15 қыркүйекке дейін құны белгілі болады, деді Жақыпов.

Атырауға іс сапар кезінде басқарма төрағасы аталған үш нысан еліміздің экономикасы үшін зорүлкен маңызға ие екендігін атады. 

10 тамыз 2023, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.