Биыл Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында спорт кешені пайдалануға берілді. Ал келер жылы осындай тағы 8 кешен салынады. Бұл туралы Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дастанбек ҚОСПАНОВ баспасөз брифингінде мәлім етті.
Бұл нысандар қала маңындағы Дамбы, Ақсай, Химпоселок, Бірлік ауылдарында, Қызылқоға ауданының Жасқайрат, Тасшағыл, Сағыз ауылдарында, Индер ауданы Көктоғай ауылындағы спорт кешендері. Сонымен қатар Миялы, Құрманғазы және Мақат ауылдарында спорт кешендерін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
Брифинг барысында Д.Қоспанов өңірдегі өзекті мәселеге айналған балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі туралы да сөз етті:
- Олар жақында жалдамалы ғимаратта өз жұмысын бастады. Қазір спортқа қызығушылығы бар 7-11 сынып оқушыларын 25 тамызға дейін аталған оқу орнына қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Ал бөлек ғимараттың құрылысы НКОК және ТШО компанияларының қаражасы есебінен жүріп жатыр.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті жолдаған ӨКҚ