Атырау, 27 сәуір 21:12
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда Абай күні аталып өтті

1 253 просмотра

10 тамыз Атырау облысы ұлы ақын Абай ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 178 жылдығын атап өтті. Абай ескерткішінің алдында өткен мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Марат МУРЗИЕВ, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Шараның шымылдығы М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры әртістерінің театрландырылған көрінісімен ашылды. Кейін қатысушылар Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті.

Әр ұлттың біртуар перзенті – өз халқына қашан да мақтаныш. Ал, біздің мақтанышымыз, әрине - Абай. Ұлы ақынымызды артымыздан ерген жастарға, келер ұрпаққа насихаттау - баршамызға парыз. Оның еңбегі өлмейді, өшпейді. Абай атамыздың рухын Алла қолдап, пейіште нұры шалқысын! - деді М.Мурзиев. 

Іс-шарада Абайдың өлеңдері оқылып, әндері айтылды. Сондай-ақ келушілер жергілікті суретшілердің сурет көрмесін, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Абай - дана, Абай - дара қазақта» атты кітап көрмесін, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы жәдігерлерді тамашалады. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді ӨКҚ жолдады

11 тамыз 2023, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.