Атырау, 29 қыркүйек 20:33
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды

565 просмотра

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айыптау қорытындысы бойынша, 2020 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы болған Нұрлан Мәсімов өзіне арнап Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында екі қабатты коттедж салған, сондай-ақ оның отбасы тұрған Алматыдағы үйде монша мен демалыс бөлмесін жабдықтап, жертөле қабатын жөндеген.

Бұл жұмыстарды тағы бір сотталушы - кәсіпкер Евгений Евкович жүзеге асырған. Ол өз еңбегі үшін Павлодар полициясына арнап артехқұрылымды салу үшін мемлекеттік сатып алуда жеңіске жетуді көздеген.

Естеріңізге сала кетейік, прокурор бұған дейін Мәсімовке 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Прокурор Павлодар полициясы бастығының бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовті 11 жылға бас бостандығынан айыруды, кәсіпкер Евгений Евковичтіңавтокөлігін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

10 тамыз 2023, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.