Атырау, 29 қыркүйек 20:23
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ресей әскері Запорожье қаласына ракетамен соққы жасады. Қаза болғандар бар

457 просмотра

Ресей әскері Украинаның Запорожье қаласына ракетамен соққы жасады. Бұл жөнінде Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко мәлімдеді. Украина президенті Владимир Зеленский үш адамның қаза болғанын хабарлаған. Клименконың айтуынша, бір адам реанимацияға түскен, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Жергілікті билік ауруханаға 7 адам жатқызылғанын хабарлады. Үшеуінің жағдайы ауыр деп айтылады.

Запорожье облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Юрий Малашко ракета түскен орыннан видео жариялады. Онда православ храмының бұзылғаны көрінеді. Жақын маңдағы сауда орталығы да қираған.

Украина ақпарат құралдарының жазуынша, Ресей әскері тұрғын үйді нысанаға алған болуы мүмкін, ал ресейлік Телеграм-арналар нысана "Мотор Сич" зауыты болғанын жазды.

Геолокация дерегіне қарағанда, снарядтар қалада құрылыс жүріп жатқан нысаннан 200 метр жерге құлаған.

Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак Телеграм-арнасында соққы "Искандер" ракетасымен жасалғанын айтты.


10 тамыз 2023, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.