"Бёрнли" - "Манчестер Сити" требл иегерлері бұрынғы капитанына қарсы шайқас жүргізеді!
Ағылшын Премьер-лигасы осы демалыс күндері оралатын болады, оның бірінші туры 12-тамызда. Аталған лиганың тұсаукесері қазіргі чемпион "Манчестер Сити" және Чемпионшиптен оралған "Бёрнли" арасындағы шайқасымен ашылады. Parimatch сарапшылары "күлгіндер" күресті требл иелеріне қарсы жүргізе алады ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.
“Бёрнли”
Ланкаширден келген команда Чемпионшиптегі маусымынан кейін, 21/22 науқанында ұшып кеткен Премьер-лигаға оралуда. Жаттықтырушының ауысуы команданы тез арада қалпына келтіруге септігін тигізді: Винсент Компани Дин Смиттің орнына келді. Нәтиже көп күттірмеді: "Бёрнли" екінші дивизионды ең жақын бәсекелесінен 10 ұпай айырмашылығымен жеңіп, бір жылдан кейін элиталар қатарына оралды.
"Күлгінділердің" футболы туралы айтатын болсақ, олардың тепе – теңдікті ұстай алатындығын атап өткен жөн: команда шабуылда да, қорғаныста да мықты, оны Чемпионшиптегі статистикадан аңғаруға болады - лигада "Бёрнли" ең көп гол соғып, қақпасына ең аз гол жіберіп алған команда. Компани командасы ойыншыларының ішінде клубтың үздік бомбардирі Нейтан Теллді, сондай – ақ "Манчестер Юнайтедте" жалда болып оралған Ваут Вегхорстты атап өткен жөн.
“Манчестер Сити”
"Қала тұрғындары" бұл маусымда Чемпиондар Лигасын, АПЛ және Англия Кубогын жеңіп, ауыз толтырып айтуға болатындай етіп жақсы өткізді. Командаға Эрлинг Холаннды қосу, айтарлықтай әсер етті, ол команда құрамына "тастай бастып, судай сіңіп", тіпті лиганың бомбардирлік рекордын жаңартты. Маусымаралық кезең екіұшты болып өтті: команда Илькай Гюндоган мен Рияд Марезден айырылды, бірақ Йошко Гвардиоланы қосып, қорғаныс орталығын күшейтті. Сонымен қатар, "Сити" құрамын шабуылда да, қорғаныста да бірдей пайдалы жартылай қорғаушы Матео Ковачич толықтырды.
"Қала тұрғындарының" шабуылы Холаннның шабуыл жасау шеберлігіне және оның гол соғу қабілетіне негізделген. Алайда, норвегиялық футболшының ойыны жүрмей жатса, Пеп Гвардиоланың ерекше тактикасы – номиналды орталық форвардсыз комбинациялық футболы іске қосылады. Дегенмен, Англия Суперкубогында бұл жоспар іске аспады: "қала тұрғындары" пенальти сериясында "Арсеналдан" жеңіліс тауып, олжаларын уысынан шығарып алды.
Parimatch аналитикасы және коэффициенттері
Екі команда да АПЛ-дағы бірінші турда бар күшін салып, жеңіске жетуді көздеп отыр. "Бёрнли" Премьер-лигаға оралған соң, ұпай жинауы керек, ал "Сити" өзінің көшбасшылық мәртебесін дәлелдеуі керек. Ланкаширліктердің бас бапкері Венсан Компани – "қала тұрғындарының" бұрынғы капитаны және клубтың абсолютті аңызы да қызығушылық тудырады.
Алайда, Parimatch сарапшылары "күлгінділерге" бірде-бір мүмкіндік бермейді: олардың жеңіске жету коэффициенті 9.70-ке теңестірілсе, "Ман Ситиге" 1.32 коэффициенті ұсынылған . Сондай-ақ, сарапшылар шабуылдаушы футбол болады деп болжайды: "тотал 2,5-тен жоғары" нәтижесін олар 1.63-ке баға беріп отыр.
"Бёрнли" мен "Манчестер Сити" матчына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншылар үшін арнайы бонус-шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін +300%. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз!