Атырау, 29 қыркүйек 20:40
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда 18,5 мыңға жуық Абай тұрады

460 просмотра

Бүгін - Қазақстанда Абай күні. Ұлттық статистика бюросы ұлы ойшыл күніне орай ақын есімімен аттас қазақстандықтар туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі – 2050 адам. Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада көп – 1930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ойшыл есімі бар тұрғын саны Ұлытау өңірінде ең аз – 194 адам.

Ақынның туған өлкесінде (Абай обл.) 238 адам тұрады», - деп жазды ведомстводан.

Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында 8231 адам.

10 тамыз 2023, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.