Атырау, 29 қыркүйек 20:37
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

БЖЗҚ телефон алаяқтығының жаңа схемасы пайда болғанын ескертті

795 просмотра

Олар компаниялардың бас есепшілеріне қоңырау шалады екен. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) телефон алаяқтығының жаңа схемасы пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі – өзін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырып, қандай да бір компанияның бас бухгалтеріне қоңырау шалып, сол ұйымның қызметкерінің зейнетақы шотының бұғатталғаны туралы хабарлайды.

«Бұғаттан шығару мақсатында бухгалтерлерге алаяқтардың шотына берешек соманың жартысын салуға кеңес береді, әйтпесе компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы есептемегені үшін айыппұл салынады деп қорқытады. Осылайша, телефон арқылы сөйлесу барысында алаяқтар өз құрбандарын олардың шоттарына үлкен аударымдар жасауға итермелейді», - делінген хабарламада.

Мұндай алаяқтықтың қолына түспес үшін кез-келген ақпаратты БЖЗҚ байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу арқылы тексеріңіз.

Мамандар БЖЗҚ қызметкерлерінің қаражатты белгілі бір шотқа аударуды талап етуге құқығы жоқ екенін еске салады.


10 тамыз 2023, 07:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.