Атырау, 29 қыркүйек 20:36
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алматы тауларынан ресейлік туристің денесі табылды

580 просмотра

Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Алдын ала дерек бойынша ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталуда», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.

ТЖМ тауға жалғыз шықпауды ұсынады.


9 тамыз 2023, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.