Атырау, 29 қыркүйек 20:28
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Елімізде жол бойында 300-ге жуық әжетхана жетіспейді

478 просмотра

Елімізде жол бойында жолаушылар мен туристер үшін 300-ге жуық әжетхана жетіспейді. Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз 2018 жылы әжетханалар бойынша тексеру жүргізіп, 500 әжетхана жетіспейтінін анықтадық. Содан бері жанармай құю бекеттерінде және көлдер жағасында 200 әжетхана салынды. Сонымен қатар әжетханаларды күтіп ұстауға субсидия беру енгізілді. Бүгінде тағы 300 салу керек. Бұл –бірлескен жұмыс, себебі «Kazakh Tourism» өздігінен әжетханалар салуға құқығы жоқ. Біздің міндет – әжетхананы қайда салу керегін көрсету және жергілікті атқарушы органдар мен бизнеске көмектесу. Біз –проблемаларды анықтаушы органбыз. Жалпы туризмге 30-дан астам саланың қатысы бар», - деді Қайрат Сәдуақасов.

Сондай-ақ спикер «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының жұмысына қатысты сын айтылатынын жеткізді.

«Турбизнесті қорғау керек, біз Үкіметке туризм саласының үнін жеткізушіміз. Оның ішінде әжетхана мәселесі де бар. Әкімдіктер өңірдің туристік әлеуеті бар ма деген мәселені шешіп алуы керек. Біз әкімдіктерге өңірдегі негізгі туристік маршруттар, жол бойындағы дәретханалар мәселесі және олардың қанша көлемде жетіспейтіні туралы ақпарат бердік. Бүгінде елдегі жанармай құю бекеттерінің 75%-ы жол бойындағы қызмет бойынша ұлттық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл жағдайды «ҚазАвтоЖол» компаниясы қадағалайды. Бұл бағытта бірнеше жыл бойы бірлесіп жұмыс істеп келеміз», - дейді спикер.

Бұған дейін «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары танымал тұлғалар арқылы туризмді қалай дамытуға болатынын айтып берген еді.

8 тамыз 2023, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.