Атырау, 29 қыркүйек 20:23
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Баланың үстіне футбол қақпасы құлады: Қазақстанда барлық мектептің спорт алаңы тексеріледі

544 просмотра

Астана мектебіндегі футбол алаңындағы баланың өліміне кінәлілерді тергеу анықтайды, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Ғани Бесембаев.

Үкімет кулуарында журналистер оқу-ағарту министрлігінің басшысынан бала өлімі үшін жауапкершілікті кім алатынын сұрады: мектеп әкімшілігі ме, баланың ата-анасы ма әлде футбол алаңының иесі ме?

"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ол аяқталғаннан кейін белгілі болады", - деді министр.

Ол оқу-ағарту министрлігі барлық мектептің спорт алаңқайы тексерілетінін хабарлады.

"Білім басқармалары кешеден бері менің тапсырмам бойынша барлық мектептің спорт алаңдарын тексеріп жатыр. Тек Астананың ғана емес, еліміз бойынша барлық мектептің спорт алаңдары мен құрал-жабдықтары тексеріледі", - деп түсіндірді Бейсембаев.

Еске сала кетейік, Астанада 10 жасар балаға мектеп ауласының футбол қақпасы құлап кеткен. Оқушы көз жұмды. Қайғылы жағдай елорданың №10 мектебінің аумағында болған.


8 тамыз 2023, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.