Атырау, 29 қыркүйек 22:42
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

БҚО әкімінің бірінші орынбасары күдікке ілінді - Антикор

433 просмотра

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары жемқорлыққа күдікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

Ол "Аqjaiyq" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді. Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Еске салайық, Ержан Балтаев 4 тамызда қызметінен шеттетілген болатын. Балтаев облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін бес ай атқарды. 24 шілдеде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаевпен жауап алуға шақырылды.

24 шілдеде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаевпен бірге жауап алуға шақырылған. Басылым дереккөзінің мәліметінше, Балтабаевқа Алтай Көлгіновтің командасында немен айналысқаны туралы сұрақтар қойылған.


8 тамыз 2023, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.