Атырау, 27 қараша 14:49
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​"Атырау-Астрахань" пойызында баланың қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс көтерілді

744 просмотра

77 адамнан тұратын топ (4 тәлімгер, 73 бала) «Атырау-Астрахань» теміржол бағыты бойынша «Қазақстан геологы» шипажайына (Железноводск) бара жатқан, деп хабарлайды білім беру басқармасы.

Жолға шыққаннан 1,5 сағаттан кейін балалардың біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылды. «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтады. 

Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Сонымен қатар пойызда жолаушылар өз тамағын тұтынды деп хабарлады. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды.

Білім беру басқармасы тарапынан қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсетіледі, делінген хабарламада. 

8 тамыз 2023, 08:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.