Атырау, 3 маусым 23:20
 дождьВ Атырау +22.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Астана көшелерін су басқаннан кейін кім жазаланды?

605 рет қаралды

Elorda eco system директоры Тимур Шоданов Астанадағы су басу оқиғасынан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін Elorda eco system директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды", - делінген Астана әкімдігі хабарламасында.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Elorda eco system алдына жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылған: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б.

Еске салайық, 6 тамызда Астана көшелерін жаңбырдан кейін су басқан болатын.


8 тамыз 2023, 07:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.