Атырау, 19 мамыр 17:40
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Қазақфильм» халықтың ұсынысы бойынша фильм түсіреді

393 просмотра

 «Қазақфильм» киностудиясы халықтың ұсынысы бойынша фильм түсіре бастайды. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Азамат Сатыбалды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде «Қазақфильм» киностудиясы енді көрерменмен тікелей жұмыс істейтінін айтты.

«Қымбатты көрермен, біз енді сіздерге ұнайтын, сіздердің көңілдеріңізден шығатын киноларды түсіруді бастаймыз. Сондықтан сіздерге ұсыныс жасағым келеді. Болашақта Қазақфильмнен сіздер қандай жанрдағы киноны көрігілеріңіз келеді? Комедиядан басқа ұсыныстарыңыз болса немесе сіздерге қандай тақырып ұнайды, мысалы, драма, мелодрама, ауыл немесе қала тақырыбы ма? Жалпы қандай бағытта болашақта Қазақфильмнен кино көргілеріңіз келеді, сол туралы бізге пікір қалдырып, жазсаңыздар. Біз сол бойынша келесі жылдан бастап жаңа киноларды түсіретін боламыз. Ендеше мен сіздерден ұсыныс күтемін», - деді Азамат Сатыпалды.

Еске салайық, Азамат Сатыбалды жақында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті болып тағайындалған болатын.

7 тамыз 2023, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.