Атырау, 19 мамыр 14:34
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы болады

353 просмотра

2026 жылы Алматы ТМД-ның спорт астанасы болады. Ұйымның дене шынықтыру және сопрт кеңесі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Минскіде өткен жиында ТМД елдері спорт әкімшіліктері мен ұйымның атқарушы органдары алдағы жоспарды талқылады. Сондай-ақ 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарлар да пысықталды.

Кеңес қабылдаған шешімдердің бірі – 2025 жылғы ТМД елдері ойындарын Әзербайжанда өткізу. Бұдан бөлек, тағы бір жаңа жарыстар басталады. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы спартакиада, Достық ойындары, "Болашақ ойындары" халықаралық турнирі және шахматтан ТМД кубогы сияқты жарыстар бар.

Айта кетері, биыл Беларусьта өткен ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 9-шы орынға ие болды.

7 тамыз 2023, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.