Атырау, 19 мамыр 14:18
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда балаларға арналған "Әлеуметтік патронат" жобасы іске қосылады

612 просмотра

Елімізде тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды қолдау жобасы іске қосылады, деп хабарлайды informburo.kz.

"Әлеуметтік патронат" жобасы тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қызметтермен жан-жақты сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жазылған.
Бұл қызмет өмірлік қиын жағдайға немесе әлеуметтік мәселелерге тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге және оларға жәрдемдесуге бағытталған бастама.

"Негізгі мақсат – олардың өмірінің әртүрлі аспектілеріне қолдау көрсету және көмектесу арқылы аз қамтылған отбасылардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру. Әлеуметтік патронат отбасылық қатынастардың бұзылуы, ата-ана тәрбиесі мәселелері, отбасындағы зорлық-зомбылық немесе басқа да қиындықтар бойынша түрлі жағдайға тап болған отбасыларға бағытталған жоба", – деп жазылған кешенді жоспарда.

Бұл жобада аясында әлеуметтік қызмет саласындағы тәжірибелі мамандар қамтылады. Олар жеке қолдау, кеңес беру, жанжалдарды шешуге көмектесу сияқты жұмыстарға тартылып, әлеуметтік қызметтер мен ресурстарды алуға қолдау жасайды.
Сондай-ақ, әр мектепте баланың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік педагогтың міндетті лауазымын енгізу ұсынылып отыр.


7 тамыз 2023, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.