Атырау, 14 қаңтар 07:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қалалық білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

5 142 рет қаралды

Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, еңбек жолын 2007 жылы Атырау қаласындағы №23 орта мектептің химия, биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін АМУ-де ботаника және валеология кафедрасының оқытушысы, ауыл шаруашылығы мамандықтары кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, Атырау қалалық Ұлттық тестілеу орталығының №30 филиалының жетекшісі қызметтерін атқарды.

2020 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Атырау облыстық білім беру басқармасының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұған дейін Аманбай Хұсынов тағайындалғанына бар болғаны жарты жыл өткен соң қалалық білім беру бөлімінің басшысы қызметінен кеткен болатын.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 тамыз 2023, 21:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.