Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы Аманбай ХҰСЫНОВ (суретте) өз еркімен қызметінен кетті. Оның лауазымына конкурс жарияланды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Хусынов бұл қызметке осы жылдың ақпан айының басында тағайындалып, жарты жылдай ғана жұмыс істеді. Қазір қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін оның орынбасары Ерлан БАЛМҰХАНОВ уақытша атқарып отыр.
Айнұр САПАРОВА