Футболдан ел чемпионатының 17-ші турында "Атырау" өз алаңында Талдықорғанның "Жетісу" командасымен ойнады. Матч тең дәрежеде өтті, екі жақтың да қақпасында оңтайлы сәттер болды, бірақ қақпашылар жақсы ойын көрсетті.
Соған қарамастан голды қонақтар соқты: 74-минутта "Жетісу" командасының жартылай қорғаушысы Нұрберген НҰРБОЛ күшпен айқаста допты баспен соғып, "Атыраудың" қақпасына гол салды. Осыдан кейін алаң иелері қарымтасын қайтаруға бел буды, бірақ сәтсіз шықты, себебі бірнеше сейв жасаған қонақтардың қақпашысы Андрей ПАСЕЧЕНКО оған негізгі "кедергі" болды. Сонымен қатар, қосымша берілген 5-минутта қарсы шабуылға шапшаң шығып, "Жетісу" екінші голды да соқты. Бірақ сол сәтті бейнежазбадан қайта көргеннен кейін судья оны есепке алмады, өйткені шабуылдың бастапқы кезеңінде қонақтардың бірі қолмен ойнаған.
Осы ұтылғаннан кейін "Атырау" турнир кестесінің 7-орнына орналасты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ