Атырау, 11 қараша 20:41
 дождьВ Атырау +5.4
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

"Мәскеу-Сити" ғимаратына тағы шабуыл жасалғаны хабарланды

950 рет қаралды

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасына жаңа шабуыл жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала басшысының ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Собяниннің айтуынша, Мәскеуге ұшпақ болған бірнеше ұшқышсыз ұшақты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген. Біреуі Сити мұнарасына дейін ұшып барған.

"21-қабат деңгейіндегі қасбет бұзылған. 150 шаршы метрдің шынылары сынған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр", - деп жазды қала әкімі.

1 тамыз 2023, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.