Атырау, 11 қазан 17:39
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ақшаны картоппен қайтарыңдар

2 399 просмотра

Үстіміздегі жылдың 22 сәуірінде облыстағы 16 шаруа қожалығы тұрақтандыру қорына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін «Атырау» ӘКК-мен фьючерстік келісімшарттар жасады.

85,9 млнтеңгеге тең облыстық қордан бөлінетін қаржының 70 пайызын Атырау маңындағы - 6, Махамбет ауданындағы – 4, Индер ауданындағы -6 шаруа қожалықтары осы аптада алады. Олар себуге арналған тұқымдарды сатып алып, егу жұмыстарына кіріспек. Келісім бойынша, үстіміздегі жылдың қазанында егіншілер өз өнімдерін: «Атырау» ӘКК-нің көкөніс қоймасына 40 теңгеден 1300 тонна картоп, 35 теңгеден 500 тонна пияз, 47 теңгеден 300 тонна сәбіз, 40 теңгеден 50 тонна орамжапырақ пен 44 теңгеден 20 тонна қызылша әкелуі тиіс. Барлығы 2170 тонна. Бұл туралы «Атырау» ӘКК басқармасының төрағасы Абат ТАСИМОВ хабарлады.

«Атырау» ӘКК көкөніс қоймасы5,2 мың тоннаға есептелген. Яғни, биыл көкөніс қоймасының 41 пайызы жергілікті көкөністерге толатын болады. Жергілікті шаруалар жеткізетін өнімдер сапа стандартына сай келе ме, әлде оның ақшасы төленген болса, сол күйінде қабылдайды ма деген қауіп бар. А.Тасимовтың айтуынша, фьючерстік келісімшарт бойынша қабылданатын өнім сапасы үшін қатаң бақылау жүргізілетін болады. Шаруалар өнімнің техникалық ерекшелігімен – калибрі (мөлшері), сапасы мен сұрыбы бойынша танысқан.

- Егер тауар сапаға сай келмесе, біз оны қабылдамаймыз және ақшаны кері талап етеміз. Бұл туралы тұрақтандыру қорының ережесінде тайға таңба басқандай етіп айтылған, - деп атап өтті А. Тасимов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.