Атырау, 27 қараша 15:24
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұлттық экономика министрі "Атырау жылу желілері" АҚ-да болды

857 просмотра

Біздің өңірге жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров Атырау жылу желілері жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда кәсіпорынның балансында 426 шақырым жылу желісі бар. Тозу деңгейі - 68%-ды құрайды.

2023 жылға арналған жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бекітілген тарифтер шеңберінде кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы мынадай бөлімдер бойынша түзетілді: жалпы сомасы 573 млн теңгеге жылу желілерін қайта құру және жаңғырту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру - 151 млн теңге, жабдықты жаңғырту - 22 млн теңге.Бұл шаралар 2023 жылы коммуналдық желілердің тозуын 1,5%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 

Кәсіпорынның өндіріс қызметкерлерінің жалақысы көбейді. Қазір мұнда 636 адам еңбек етуде. Нәтижесінде жылумен жабдықтау бойынша соңғы тариф 7%- ға өсті.

Содан кейін ҰЭМ басшысы Табиғи монополияларды реттеу департаментінде болды. Жиын барысында ТМРКД жұмысының негізгі бағыттары талқыланды. Министрге бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді. Ол өңірлік департаментке "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасының іске асырылуын мұқият бақылауды және халықпен кері байланысты күшейтуді тапсырды.

"Жүргізіліп жатқан барлық шаралар апаттар мен желіден ажыратулар санын төмендетуге, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартады. Қаражат дивидендтерге, кәсіпорындардың басқа да шығындарына кетпеуі үшін инвестициялық бағдарламалардың орындалуын мұқият қадағалау қажет", - деді А.Қуантыров. Сондай-ақ, ол коммуналдық төлем негізсіз көтерілген жағдайда ақша тұтынушыларға қайта есептеу арқылы қайтарылатынын еске салды. Бұл ретте табысы төмен отбасылар тұрғын үй жәрдемі механизмі шеңберінде коммуналдық өтемақы ала алады.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ҰЭМ телеграм парақшасынан алынған суреттер

1 тамыз 2023, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.