Атырау полицейлері 42 жастағы Өскемен тұрғынын жалпы салмағы 64,2 грамм альфа- PVP синтетикалық есірткімен ұстады.
Сонымен қатар, облыс орталығында 36 жастағы Тараз тұрғыны ұсталып, одан 70 г альфа-PVP және 128 г мефедрон тәркіленді.
Ұсталғандардың қаланың әр жеріне «жасыру» әдісімен синтетикалық есірткі заттарын сатумен айналысқаны анықталды. Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен аса ірі көлемде заңсыз айналысу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айнұр САПАРОВА