Атырау, 27 қараша 15:43
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​ПД: Атырау облысында ірі мұнай өңдеу мекемелерінен 20 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді

1 143 просмотра

Атырау облысында ірі мұнай өңдеу мекемелерінен 20 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ бақылаудағы заттардың заңсыз саудасы фактілерінің жолын кесу мақсатында республика көлемінде “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара кезінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ қызметі лицензиялауға жататын емдеу-профилактикалық дәріханалық, ветеринариялық, оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдарының заңды айналымы саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жұмыстары жүргізіледі. 

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкелері іс-шара барысында Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінің лабораторияларына тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу) – 2, ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) – 1 және 427-бабы (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) бойынша 2 дерек анықталды. 

Сондай-ақ Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінен 20 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленіп, құжаттар жинақталып, сараптама тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

27 шілде 2023, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.