Атырау, 27 қараша 16:34
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бергісі келмей, бас тартқан

761 просмотра

Атыраулық кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне және «Атамекен» ӨКП-на қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің кір сабын мен жуғыш заттар өндірісін кеңейту мақсатында қойма мен шеберхана салу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) беруден заңсыз бас тартқаны жөнінде арызданған.

Шағымды қарау барысында бас тартудың шынымен заңсыз екені анықталды. Содан кейін СЖТ беріліп, жауапты лауазымды тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабы («Рұқсатты беру тәртібі мен мерзімін бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 шілде 2023, 02:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.