Атырау, 22 желтоқсан 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

1500 доза есірткі тәркіленді

941 рет қаралды

Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау аумағында синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен Абай облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі затының салмағы 487,75 грамм 1500 доза болатын «Мефедрон» синтетикалық есірткі екені анықталды.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі («Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы ПД жолдаған сурет

27 шілде 2023, 02:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.