Атырау, 30 қыркүйек 02:39
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Облыс әкімі «Кедергісіз орта» атты кездесуге қатысты

Сурет
997 просмотра

«Біз де адамбыз» ҚҚ ұйымдастыруымен өткен жиында Серік ШӘПКЕНОВ жүруге ыңғайсыз пандустарды қайта қалпына келтіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қалыпты орта қалыптастыру маңызды мәселе екенін атап өтті. Ол осы орайда жасалған интерактивті карта аясында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

- Біз бұл картаға қаладағы барлық әлеуметтік нысанды енгізіп, қоғаммен кері байланыс орнаттық. Десе де ол карта іс  жүзінде ыңғайлы емес. Бүгінгі кездесуде ашық әңгімелесіп, мәселені ортаға салып, бірге шешу жолын қарастарайық, - деді С.Шәпкенов.

«Біз де адамбыз» ҚҚ басшысы Гүлназ ҚОСМУРЗИЕВА «Кедергісіз Атырау» жобасы аясында мемлекеттік органдар өкілдерінің, депутаттар мен белсенді азаматтардың қатысуымен жоба еріктілері 49 мониторинг жүргізіп, 412 нысан қарағанын айтты.

- Осы ретте кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, қорытындысы бойынша 10-нан астам нысан иесі өз ғимаратын бізге ыңғайлы етті. Қалғандары қолжетімді ортаны ұйымдастыру бойынша кеңес алып жатыр. Менің ойымша, бұл әркім өзінің жеке азаматтық жауапкершілігін сезінетін қоғамның үлгісі. Осы орайда басқа да кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдарды бізді қолдауға шақырамыз, - деді Г.Қосмурзиева.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

27 шілде 2023, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.