Атырау, 26 желтоқсан 21:26
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Көш тоқтаған жоқ

1 842 просмотра

Байшонас халқы қалаға көшіру жұмысының кідіріпжатқанына алаңдайды. Бүгінде поселкеде тұрып жатқан 145 отбасы (870 адам) бар. 

- Байшонастың қазіргі күйі соғыстың кезін еске түсіреді,- дейді Байшонас тұрғыны Жандарбек ЕРМҰХАНОВ. - Бізден бұрын көшірілгендердің үйлері 300-400 мың теңгеге сатылуда. Қазір сырттан келгендер оларды бұзып алып кетіп жатыр.

Ал жақында Байшонаста телефон желісі үзіліп, интернет жұмыс істемей қалды. Белгісіз біреулер телефон кабельдерін ұрлап кеткен. Жиілеп кеткен тәртіпсіздіктерге байланысты поселкеге қазір учаскелік полиция инспекторы іссапармен жіберілген.

- Село қазір тоналу үстінде, - дейді тағы бір тұрғын.- Жылу құбырларын жұлып әкетіп жатыр. Темір шарбақтарды кесіп, тасып алып жатыр.

Байшонаста газ құбыры бұрыннан тартылмаған. Тұрғындар газ баллонын Доссорға барып алып жүрген. Қазір қаладан сатып алуға, ал кейде тамақты электр плиткасында пісіріп алуға тура келеді. Су мәселесі де осы. Су селоға әу бастан келмейтін. Оны қазір поселкеге арасында автоцистернамен әкеледі. Оның үстіне, такси қызметінің бағасы да өсіп кеткен.

- Егер бұрын Доссорға баратын таксидің бағасы 500 теңге болса, қазірол800 теңге болды, - дейді жергілікті тұрғындар.

Мақат ауданы әкімінің міндетін атқарушы Полымбет ХАСАНОВ Байшонаста соңғы адам қалғанша жергілікті тұрғындарға жағдай жасалады деп отыр:

- Атыраудағы «Тұлпар» мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған кезде, бәрі де көшіріледі. Мұнда ешкім қалмайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.