Атырау, 27 қараша 16:36
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Беделге нұқсан келтіретін» жағалау

Сурет
1 409 просмотра

Атырауда 2020 жылы NCOC компаниясының демеушілігімен 4 млрд теңгеге қайта жаңғыртудан өткен Жайықтың оң жағалауы бүгінде қайтадан жөндеуді қажет етіп тұр.

Жақында қала әкімі Шәкір КЕЙКИН осы жағалаумен жүріп, содан кейін өзінің Facebook-тегі парақшасына: «Көлеңкелі шатырлар желдің әсерінен құлап, жарамсыз болып қалған, жол асты жарық шамдары істен шығып, жүгіруге арналған арнайы резеңке жолы сынып, төсеме тастар отырып кеткен. Мердігер мекемеге қайтадан техникалық тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақаулық ведомствосын жасақтап, қалпына келтіру жұмысын жүргізуге тапсырма бердім. Себебі тапсырылған нысанның үш жылдан кейін осындай күйге жетуі әлемге белгілі NCOC компаниясының беделіне үлкен нұқсан келтіретіні баса айтылды», деп жазба қалдырды.

Бүгінде жағалаудағы бірнеше орындықтың үстіндегі көлеңкесі сынып, мүлдем алынып тасталған. Сынған көлеңкелердің қазығын тұрғындар темекінің тұқылын салатын күлсалғыш ретінде пайдаланып жүр.

Еске салсақ, оң жағалау мен оған жалғасып салынған жастар саябағында мердігердің кепілдік мерзімі бітпей тұрған кезде де осындай мәселелер орын алып, мердігер өз қаражатына жөндеген еді. Қазір мердігердің кепілдік мерзімі өтіп кеткен.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі NCOC мекемесіне хат жолданғанын мәлімдеп: «Жауап келген кезде қосымша хабарлаймыз» деді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Автор түсірген және қала әкімінің Facebook-тегі жеке парақшасынан алынған суреттер

27 шілде 2023, 03:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.