Атырау, 18 желтоқсан 21:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Шеттен келген ақшаның сыртында сыр жоқ па?!". "Әзірбайжан да "Күрд жұмысшы партиясынан" қауіптенеді". "Алаяққа жем болғандардың министрден де көңілі қалған". "Әскерде бауырларымыздың амандығына кім жауап береді?".

2 234 просмотра

ZAMAN.COM.TR. «Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма» - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында елімізде ақпараттық қоғамды құруды айрықша атап өткен болатын. Өкінішке орай,...

ALASHAINASY.KZ. «Қара темірді Қытай асырып, қисық шегеге зар болдық» - Есептің жоқтығы дейміз бе, кейбіреулердің көмейінің кеңдігі дейміз бе, осы уақытқа дейін қаншама тонналаған дүниеміз шекара асып кетті. Бұл түрлі металға қатысты. Әу баста мыс мықты бағаға өтеді екен дестік. Үйдегі жарамай қалған ескі-құсқы техниканың ішін ақтарып-төңкеріп жүріп кәдеге жарайтын мысты қабылдау орындарына өткіздік. Одан темірге шықтық.

«Шеттен келген ақшаның сыртында сыр жоқ па?!» - Қазақстандағы үкіметтік емес секторды дамыту қажеттігі Тәуел­сіз­дік­тен бері жиі айтылып-ақ келеді. Оның дамуы елдегі азамат­тық қоғамның дамуы мен басқару жүйесі­нің демократия­лы­лы­ғын қамтамасыз етеді.

ZONAKZ.NET. «Шындық жоқ жерде сұмдық көп» - Бұдан бір жарым жылдай бұрын, нақтырақ айтқанда 2011 жылдың 22 желтоқсанда Франция Парламентінің төменгі палатасы 1915 жылғы «Армян геноцидін» мойындағысы келмеген адамдарды 45 мың еуроға дейінгі айыппұлға немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыруға жаза беруге негіз болатын заң жобасын мақұлдады. Екі ай бойы біраз дауға негіз болған бұл құжат ақыры, 2012 жылдың ақпан айында ғана Конституциялық кеңестің шешімімен әупіріммен өтпей қалды.

AZATTYQ.ORG. «"Правдивая газетаның" алғашқы тиражы тәркіленді» - Газет қызметкері Мадия Төребаеваның айтуынша, басылымның баспадан шыққан 1200 данасын сәуірдің 24-і күні таңғы сағат 9-да ішкі саясат басқармасының қызметкерлері тәркілеген.

«Жұмыс бар, бірақ жұмыссыздар да азаяр емес» - Шағын қалалардың бірі Теміртауда түрлі мамандықты меңгерген жұмысшыларға сұраныс бар. Алайда жұмыссыздардың көңілінен шығатын жұмыстар аз.

ZHEBE.COM. «Әзірбайжан да "Күрд жұмысшы партиясынан" қауіптенеді» - Түркиядағы «Имралы кездесулері»  алғашқы нәтижелерін беріп, «Күрд жұмысшы партиясына»  қарасты  қарулы топтар елдің шекарасынан сыртқа шыға бастағанымен, бұл террористерден Әзірбайжан қауіптенуде.  Өйткені, КЖП  террористерінің Әзірбайжан жеріне өтіп кетуіне қазір қолайлы  жағдайлар қалыптасып отыр. Сарапшылар бұл қарулы топтардың Ирак пен Сириядан бөлек Әзірбайжан жеріне өтіп кетуі мүмкін екендігін айтады.

«Өзбек пен қазақ молдасының айырмашылығы» - Бір түрікстандық жерлесім тоқсаныншы жылдардың басында Нәманганға сауда-саттық жасап барыпты. Таңертең қонақ үйдің қылтимасынан көшеге қараса, қарақұрым нөпір халық  майдандаспаса да бір-біріне қарсы келіп, ығы-жығы итжығыс түсіп, у да шу болып жатыр екен.

BAQ.KZ. «Алаяққа жем болғандардың министрден де көңілі қалған» - Нұрболат Орынбаев деген жігіт өткен жылдың аяғында ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың блогына шағымданып, Эльмира Дүйсекқызының Жаңабаеваның (Пайызова) қарындасы Айдананың 1 333 640 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алдап алып қойғанын айтыпты. Бұл жайында Алматы қаласы Алатау ауданық ІІБ, аудандық прокуратураға, Бас прокуратурға және ҚР Ішкі істер министріне арызданған екен. Бірақ іс аяқсыз қалыпты.

«Әскерде бауырларымыздың амандығына кім жауап береді?» - Жалғанда бірге туған апайыңнан жақын жан жоқ шығар. Бауыры үшін өзінде жоқ болса да, өзгеден тауып береді. Тіпті түк бермегеннің өзінде сыртыңнан тілекші болып жүргені қандай жақсы.

SERKE.ORG. «Құраншылардың» идеясын қазақ қоғамы қабылдай бастады» -Құдайға ғана бас ұрып, Құранды ғана басшылыққа алатын «құраншылардың» айтып жүрген идеясы қазақ қоғамына ой салып, оны жұрт біртіндеп қабылдай бастады. Әрине, «олардың ойын қазір пәленбай адам қолдайды» деп санамалап беру қиын. Дегенмен, «құраншылардың» дінге қатысты ұстанымы мен көзқарасын қолдайтындар күн санап көбейіп келе жатыр. Олар әлсін-әлсін дінге қатысты мәселеде «құраншылық» позициядан ой айтып қояды.

«Матаевтың аяғынан шалып жатқан кім?» - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа қарсы домалақ арыз (үндеу түрінде) жазылып жатыр. Мақсат – С.Матаевты жөнсіз айыптап, оны төрағалықтан кетіру. Үндеуде оның беделді журналист деп атауға болмайтыны, ҚР президентінің баспасөз хатшысы болғанда ішімдікке әуес болғаны және басқа да дәлелі жоқ айыптаулар айтылған.

ABAI.KZ. «Серік АХМЕТОВ, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі: «Экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасалған» - ДСҰ-ға кірген Кеден одағы мемлекеттерінің мін­деттемелері одақтың шартына сәйкес үй­лестіріледі. Осыған байланысты, өз кезегінде Кеден одағы елдері қабылданатын мін­дет­темелер туралы бірін-бірі хабардар етіп оты­рулары тиіс.

24 сәуір 2013, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.