Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турында «Атырау» ФК өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» командасын қабылдады.
Ел кубогының жартылай финалындағы ойыннан кейін алаң иелерінің көңіл-күйі, әрине, онша жақсы болмады. Бірақ ойнау керек қой. 30-минутта «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Евгений Козлов қапталдан берген допты ептілікпен аяғымен қағып алып, меймандар қақпасының жақын бұрышына салды. Есеп 1:0.
48-минутта алаң иелерінің айып алаңындағы абыр-сабырда атыраулық ойыншылардың бірінің қолы допқа тиіп кетті. Мониторға қарағаннан кейін төреші «нүктені» көрсетті. Өкініштісі, бұған дейін «Ордабасы» ойыншысының атыраулық қорғаушыны жейдесінен мықтап ұстап алғанын өзі де, ВАР да байқамады... Қақпашы соққының бағытын болжаған еді, бірақ, өкінішке орай, әлемде бірде-бір қақпашы асқан жылдамдықпен бағанаға жанаса кірген допқа төтеп бере алмайды.
Жалпы, ойын тартысты өтті деуге болмайды. Бірақ қосылған 4-ші минутта алаң иелерінің жеңісті қолдан алуға тамаша мүмкіндігі болды – өкінішке орай, доп бағанаға өте жақын өтіп кетті.
Осы турдан кейін «Атырау» турнирлік кестеде 7-орында келеді. Ал «Ордабасы» өз мансабында бірінші рет болатын чемпиондық үшін «Астанамен» күресті жалғастырады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ