Бүгін, 16 шілде күні Атырауда Вокзал маңы 5-ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде балконның жанып жатқанын анықтаған.
Ең алдымен олар подъезд тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге кірісті. Олардың 38-і баспалдақ арқылы шықты, бірақ 6 адамды, оның ішінде үш баланы өрт сөндіру сатысының көмегімен құтқаруға тура келді.
Өрт сөндірушілер өрттің басқа бөлмелер мен пәтерлерге таралуына жол бермей, тез арада сөндірді.
Айнұр САПАРОВА
ТЖД жолдаған суреттер