Атыраулық Нұршат Құсанова «Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасының жеңімпазы атанды.
Тәлімгерлер мен көрермен таңдауы бойынша Нұршат 4 финалистің арасынан үздік шығып, жеңімпаз атанды деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл Н.Құсанованың сахнадағы алғашқы табысы емес. Ол бұдан бұрын Junior Eurovision 2020 байқауының финалисі болды.
Музыкалық мегажобаның алғашқы кезеңінде ол композитор Арман Дүйсеновтің «Туған жер» әнін орындап, екі тәлімгерді өзіне қаратқан. Ол тәлімгер ретінде әнші Жұбаныш Жексенұлын таңдаған еді.
Айта кетейік, ән байқауына қатысуға «Qazaqstan» телеарнасының ресми сайты арқылы 6 мыңнан астам үміткер өтінім берген.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған бейнежазба