Атырау, 30 қыркүйек 08:39
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Криштиану Роналду тағы да Гиннестің рекордтар кітабына енді

1 105 просмотра

«Аль-Насра» футбол клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду спортшының жылдық кірісі бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

2023 жылы Криштиану Роналду 136 млн доллар пайда тапты. Бұл көрсеткіш бойынша ол «Интер Майами» мен Аргентина құрамысының форварды Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Өткен жылы «ПСЖ» құрамында ойнаған Месси бір жылда 130 млн долллар тапқан болатын.

Криштиану Роналдудың жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның кірісінің ішінде тек клубтан түскен қаржы ғана емес сонымен қатар көптеген милллиондарды құрайтын демеушілік келісімшарттар да кіреді.

Осыған дейін Криштиану Роналдудың Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған едік. Роналду Twitter әлеуметтік желісіндегі ең танымал спортшы атанды. 2016 жылы 7 қазанда оның оқырмандары 47 млн. 262 мың 909 адамға жеткен.

15 шілде 2023, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.