Атырау, 27 қараша 18:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау мен Боржоми бауырлас қала болмақ

Сурет
1 178 просмотра

Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ қалаға ресми жұмыс сапарымен келген Грузия мемлекеті Боржоми қаласының мэрі Отар АРБОЛИШВИЛИ бастаған делегацияны қабылдады. 

Аймақ басшысы грузин меймандарына ілтипат білдіре отырып, өзара ынтымақтастықтың екі жаққа да табысты болғанын айтып, оны дамыту керектігін айтты. Сонымен қатар Боржоми қаласы атыраулықтар үшін демалыс және сауықтыру мекеніне айналғанын атап өтті.  

Атырау қаласынан «Атырау-Кутаиси» бағыты бойынша аптасына 3 рейс орындалады. 2022 жылы Грузияға демалу үшін Атыраудан 18 мыңнан астам турист барса, оның 6 мыңға жуығы «Borjomi Palace» санаторийінде ем алды. Ал осы жылдың төрт айында 10 мыңға жуық адам барған. Қазіргі уақытта облыстың турагенттіктері мен туроператорлары Грузия туроператорларымен белсенді байланыста, - деді С.Шәпкенов.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың, туризм саласының өзекті мәселелері талқыланды. 

Отар Арболишвили өз кезегінде Атырау мен Боржоми арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қоюды ұсынды. 

Айта кету керек, Атырау облысының Грузиямен сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-мамырда 396,9 мың АҚШ долларын құрады. Бізді өңірімізде грузин капиталының қатысуымен 16 кәсіпорын тіркелген.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

15 шілде 2023, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.