Атырау, 30 қыркүйек 08:35
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атырауда BINOM мектептеріне оқушылардың құжаттарын қабылдау уақыты жарияланды

1 447 просмотра

BINOM-ға 1-11 сынып оқушыларын қабылдау 20 шілдеде басталады.

Атыраудағы BINOM өкілдерінің айтуынша, өтініштер сыныптар бойынша кезең-кезеңімен қабылданады:

20, 21 және 24 шілдеде 1-4 сыныпқа; 2-4 тамызда – 5-9 сыныпқа; 14, 15 тамызда – 10 және 11 сыныптарға оқушыларды қабылдау жүргізіледі.

1-8 сыныптарда қазақ, орыс тілдерінде; 9-11 сыныптарда қазақ тілінде оқытылады.

Өтініштерді қабылдау онлайн форматта жүзеге асырылады.

Өтініш беру үшін https://mektep.snation.kz порталы арқылы төмендегілерді жасау керек:

1. Тіркелу;

2. Негізгі бетте «BINOM» бөлімін таңдаңыз. 1-сыныптар үшін «Мектепке қабылдау», 2-11-сыныптар үшін «Мектептер арасындағы ауыстыру» бөлімін таңдаңыз. Қызметпен танысыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

3. Өтінішті электронды түрде толтырыңыз. Оқыту тілін және бала оқитын сыныпты таңдаңыз;

4. ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес келесі құжаттардың көшірмелері (сканерленген, фотосуреттері) жалғау керек:

* баланың туу туралы куәлігі;

* 3х4 см өлшемді фотосурет;

  * Екпе картасы (№065/063) - медициналық құжаттың алғашқы 3 бетінің көшірмелерін жалғау жеткілікті).

  * Денсаулық паспорты (№026) – медициналық құжаттың алғашқы 3 бетінің көшірмелерін жалғау жеткілікті.

Назар аудару керек нәрсе: егер соңғы айда тіркелген жеріңізді өзгертсеңіз, «мекенжайды жаңарту» түймесін басуды ұмытпаңыз. 1-3 күн ішінде кезектілік тәртібімен Сіздің жеке кабинетіңізге өтінішіңіздің мәртебесі өзгергені туралы хабарлама келеді.

Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өңделеді. Сайт демалыс күндері жұмыс істемейді.

Атыраудағы жаңа BINOM мектептеріне қатысты мекенжайлардың толық тізімін Instagram парақшасынан табуға болады. Оқушыларды қабылдау тіркелген мекенжайға сәйкес жүргізіледі.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 шілде 2023, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.