Атырау, 18 желтоқсан 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Қауіпті Қытайдың құшағына талпыну". "Ресейдiң арзан бензинi қазақ министрiн қатты састырды". "Билікке қарсы шыққандар психиатриялық емханаға қамалады". "Қырғыздар Жириновскийді persona non gratа деп жариялауды ұсынды".

1 911 просмотра

HALYKSOZI.KZ. «Матаевтың қолымен от көсеу немесе алматы түбі Алма-Ата бола ма?» - Осыдан екі-үш жыл бұрын қазіргі Мәжіліс депутаты, сол кезде Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінде отырған Серік Сейдуманов Алматының атауын өзгерту туралы бастама көтеріп, жұртты бір дүрліктіріп еді. Енді міне, сол сөз тағы айтылды. Басқа емес, журналистердің Одағын басқарып жүрген Сейітқазы Матаевтың аузымен. «Алма-ата» деп атағанымыз дұрыс, түбі осыған келеміз» дейді Секең сенімді. Сөйткен Матаевтың өзінің басы дауға қалды.

ZHASALASH.KZ. «Ресейдiң арзан бензинi қазақ министрiн қатты састырды» - Мұнай-газ министрі С.Мыңбаевтың келтiрген уәжiне сенсек, ресейлiк Еуро-2 бензинi қазақстандық мұнай өңдеу зауыт­тарына проблема тудырып отырған сыңайлы.

«Қазақстанға айтылған сын бұрынғыдан қатқыл естiлдi» - Өткен аптада Еуропарламент Қазақстанға қатысты қатаң қарар қабылдады. Бұл қарар ендiгi жерде еуропалық қауымдастықтың қатарындағы елдермен ара-қатынастың қандай болмағын анықтамақ.

AIKYN.KZ. «Көршімізден көп ілгері жүрміз» - Бетін әрмен қылсын, бірақ Қазақстан Парламенті соғыс жариялай алады екен! Бұл жөнінде Ата заңның 53-бабында «соғыс пен бейбітшілік мәселелерін Парламент шешеді» деп жазылыпты. Солтүстік көршімізде де солай көрінеді. Бірақ оларда анығырақ айтылған: РФ конституциясының 35-бабы «Соғыс жариялауды Парламент шешеді» дейді.

ABAI.KZ. «Дінмұхамед Аязбеков. Қауіпті Қытайдың құшағына талпыну» - Осыдан бірнеше жыл бұрын Канада қаласында орналасқан әлемдік саяси ахуалды бақылайтын ұйым өзінің кезекті зерттеу қорытындысын жариялаған болатын. Зерттеудің нысанасы: «Әлем халықтарына қауіп қайдан?»- деген сұрақ төңірегінде өрбіді. Аталмыш сұраққа жауап берген  1 миллиард тұрғынның 70-80 пайызы әлемге қауіп Қытай, Ресей және Ираннан төнеді депті. Ал, ең қызығы, күллі әлем қорқып отырған үш мемлекеттің екеуі, яғни Қытай мен Ресей біздің стратегиялық маңызы бар, экономикалық байланысымыз шиелене түскен көршілеріміз болып отыр.

AZATTYQ.ORG. «Шетелдік «көшпенді әйел» Қазақстанда экотуризмді дамытқысы келеді» -  Алматыда тұрғанына 20 жылға жуық уақыт болған Дагмар Шрайбер өзін «көшпендімін» деп атайды. Шетелдік әйел Қазақстанда кенже қалған экологиялық туризмді дамытуға атсалысып жүр.

«Түрме басшысы: Төлетаева аштық жариялаған жоқ» - Жаңаөзен оқиғасы бойынша жеті жылға сотталған Роза Төлетаева "өзіне қажетті медициналық көмек көрсетілмегені" үшін аштық жариялады деп хабарлады азаматтық белсенді Макс Боқаев. Оның сөзінше, бұл ақпаратты Төлетаевамен бірге отырған сотталушылардың бірі жеткізген.

«Билікке қарсы шыққандар психиатриялық емханаға қамалады» - Ресейде президент әкімшілігінің бұрынғы кәсіподақ төрайымы билікте сыбайлас жемқорлық бар екенін әшкерелеген соң бірнеше апта бойы психиатриялық емханада жатып шықты.

ZHEBE.COM. «Қырғыздар Жириновскийді persona non gratа деп жариялауды ұсынды» -  Жақында Ресейдің мемлекеттік Думасында Қырғызстанның бұл елге 500 млн доллар  қарызын кешу мәселесі талқыланып, ақыры депутаттар  В.Путин мен А.Атамбаевтың  2012 жылдың 12 қыркүйегінде қол қойған келісімін  мақұлдаған еді. Қырғыздардың қарызын Ресей кешіретін болды. Бірақ, Думаның сол отырысында  Ресей либерал-демократтарының жетекшісі В. Жириновскийді тағы «жын соқты». Қырғыздардан ол Ыстық көлді сұрады.

NAMYS.KZ. «Гүлнәр Тазабекова. Ұлттық идеология болмаса ұлтсыздану өршиді» - Қазір біздің зиялы қауым арасында жиі айтылатын бір сөз бар, ол – ұлттық идеология. Қанша көксемейік десек те кезіндегі кеңестік идеологияның керемет пәрменді болғанын сол кезде қызмет істегендер, сол қоғамда есейіп, білім алғандар ұмыта қойған жоқ.

«Франция халқы гейлерге қарсы наразылық шарасын өткізді» - Жақында ғана Франция үкіметі геилердің неке құрып, отбасы болуларына заңмен рұқсат берген еді. Осыған орай барлығы 300 мыңға жуық халық заңның жойылуын талап етіп, наразылық шарасын өткізді.

MASA.KZ. «Қажымұқан ҒАБДОЛЛА. Сайқалдық немесе қазақ қалай ұтылады?» - Қазақтың біртуар перзенті Мұхтар Шахановтың әрбір бастамасының тамыры тереңде, мағынасы ұлттық мүддені жанұшы­ра қорғауда жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, баяғы мұңсыз қазақ пен орысшыл қазақ, батысшыл мен қытайшыл топтар Мұқаңның кез келген жаншырылына кірпідей жиырылып, қарсы шығуды дағдыға айналдырды.

23 сәуір 2013, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.