Өзбекстан ОСК төрағасы Зайниддин Низамхожаев кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын жариялады. Дауыстарды санаудан кейін 87,05 пайыз дауысты қазіргі президент Шавкат Мирзиеев жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзбекстанда 9 шілдеде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Еліміздің ОСК мәліметінше, сағат 17:00-де сайлаушылардың 69,85 пайызы дауыс беріп, 13 миллион 459 мың 677 адам дауыс берген.
Президенттікке 4 үміткер бақ сынады. ОСК дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады:
- Ұлықбек Иноятов – 4,02%;
- Шавкат Мирзиёев – 87,05;
- Робахон Махмудова – 4,43%;
- Абдушукур Хамзаев – 3,74%.
Өзбекстан заңнамасы бойынша сайлау 33 пайыздық шекті көрсеткішпен өтті деп саналады. Бұл меже 9 шілде күні таңғы 11-де еңсерілді.
Президенттік сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек.