Атырау, 27 қараша 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

1 442 просмотра

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір КЕЙКІН тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әр түрлі қызмет атқарды.

1999 - 2001 жж. «РАМАКО» ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары, 2001 - 2008 жж. - «Казстройсервис ЛТД» ЖШС-да директор болып, кейін Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, Құлсары қаласының әкімі, Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Мақат ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 

Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

10 шілде 2023, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.